Иман болса жастарда...
Иман болса жастарда...

Кешкілік уақыт.Әдебиет сабағы болып жатыр.Сыныптағылар сабақтың тезірек біткендігін қалап отырған сыңайлы.Кенеттен, есік қағылды.
- „Ұстаз,сәлеметсіз бе!Тәрбие ісінің меңгерушісі қыздар жиналысын жасап жатыр,қыздарды төменгі „Биология” кабинетіне шақыруды өтінді”-деді 11-ші сынып оқушысы.
-„Ендеше,бара қойыңдар.Үй тапсырмасын жазып алыңдар,тақтада тұр”-деді ұстазымыз.
-Не үшін шақыртып жатыр екен? деген сұрақ көкейімді тесіп барады.
Топырлап кабинетке кірдік.9,10 және 11-ші сынып қыздары түгелдей жиналған,тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлсая ұстаз ортада тұр.
-„Қыздар сіздерді қазір бұл жерге шақыруымның себебі мынау:Сіздердің қазақ қызына жат қылықтарды істеп жүргендеріңіз. Атап айтсам:Өте қысқа киімдерді киіп,бет-ауыздарыңызды түрліше бояп,бөгде адамдардың назарын аудару мақсатымен қарқылдап күлесіздер.Осы әрекеттеріңіз дұрыс нәрсе ме?”-деді Гүлсая ұстаз,қатулы көзбен қарап біздерге.
-„Жо-жоқ,бұл нәрселер әлбетте дұрыс емес”-деп қыздар шулай бастады.
-„Ендеше неге мұндай қылықтар сіздерден көрініп-ақ тұр. Қалай күресеміз бұл жағдаймен?”-деп сұрады ұстазымыз.
Түрлі пікірлер айтылып жатырды. Біреулер барлық кінәні ата-анаға жапса лайықты тәрбие бермегеннен деп,ал біреулер қыздың мінезі сондай болса оны өзгертуге болмайды деп орынсыз,мәнсіз ойларын ортаға салып отырды. Мен болсам,телміріп терең ойдың жетегінде отырдым.
Егер де,егер де Аллаһ Тағаланы таныса, Аллаһ Тағаладан шынайы қорықса бұлай істемес еді ғой.
Иман болса жастарда,әуретін ашар ма? Иман болса жастарда,ар-намысын шашар ма?
Шынымен де,Аллаһты танымаған ұрпақтың халі неткен өкінішті, Аллаһты танымаған адамның жүрегі тас,кеудесі бос,ал істеп жүрген тірлігі құр бекершілік!

 

Айнель БермаганбетАйнель Бермаганбет
9 лет назад 4210
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир