Өз басымен әлек...
Өз басымен әлек...

Жаз мезгілінде, біздің үйде болған бір оқиға есіме түсіп отыр. Күн өте ыстық еді. Үйдегілер беттерін салқын сумен жуып, біресе бір жапырақ қағазбен желпіп жүр. Ауыздары кеуіп,ыстықтап, әбден қиналған, бір-біріне қарауға шамалары жоқ. Ата-анам көңіл-күйсіз, әзіл сүйгіш ағамның бүгінгі келбеті жабырқаңқы, әзіл айтуға қауқарсыз халде отыр. Шынымен де, мына дүниенің аздаған ыстығына шыдай алмай жатырмыз, ал Тозақтың оты бұдан да ыстық. Бәлкім, ыстығымызды басу үшін бұл дүниеде бір ағаштың көлеңкесіне отырармыз, ал Тозақта қайдағы көлеңкені табамыз? Өздерінің жаны қысылып, ыстықтағанда адамдар бір-біріне қарауға шамалары болмай, өз басымен әлек.

Осы көріністі көргеннен кейін бір нәрсені ойға түйдім: Қараңғы қабірде жалғыз жатамын, Аллаһтың алдында жалғыз жауап беремін, демек дүйім көпшіліктің қаңқу сөзіне ере бермей, Аллаға құлшылық етуім қажет. Мүмкін бұл менің соңғы күнім шығар...

Айнель БермаганбетАйнель Бермаганбет
2 года назад 407
0 комментариев
О блоге